Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі


Атауы                    «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МҚКМ 

Қызмет бағыты  Арнайы орта маман дайындау

Жетекшісі            Сопбеков Амангелди Абдималикович, экономика ғылымдарының   кандидаты,  халықаралық психология ғылыми

                                академиясының   мүше-корреспонденті, Оңтүстік Қазақстан облысы маслихатының депутаты, Сарыағаш ауданының

                                құрметті азаматы.

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі – кәсіби-техникалық білім беру сферасында белгілі бренд, Қазақстан үздік колледждерінің бірі.

Колледжде жоғары деңгейдегі инженер-педагогикалық кадрлар қызмет етеді. Олардың арасында ғылым кандидаттары, магистрлар, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар  бар. Арнайы пән оқытушылары - республикалық,  облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары.

Колледждің стратегиялық бағыты

2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриальды-инновациялық дамуын жеделдетуіне септігін тигізетін отын-энергетикалық, ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника және байланыс салалары бойынша орта буындағы мамандар дайындау. Мамандарды үш тілде дайындайтын, әлемдік деңгейдегі колледж құру мақсатында электронды оқыту жүйесі енгізілуде.

Кадрларды дайындау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады

Мұнай мен газды қайтаөңдеу технологиясы, жылу электр станцияларындағы жылуэнергетикалық құрылғылар, жылутехникалық құрылғылар мен жылумен қамту жүйесі, электрлік және электромеханикалық құрылғыларын жөндеу, профилдер бойынша автоматтандыру және басқару,  есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, радиоэлектроника және байланыс.

Халқаралық жобалар

-  2013-2015 жылдары Ұлыбританияда ИКТ мамандықтары бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында  British Concil Kazakhstan –«Ағылшын тілі және кәсіби өрлеу»  пилоттық жобасы.

- «Кәсіпқор» холдинг» АҚ және Pteltd «Nanyang Politechnic International»   әлемдік деңгейдегі колледж құру (Сингапур тәжірибесі).

- Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарындағы білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес «E-Learning» электронды оқыту жүйесі.

- Европалық Одақтың қаржыландыруымен «Қазақстан Республикасының кәсіптік-техникалық білім саласына қолдау көрсету» Герман жобасына қатысу.

Колледж жетістіктері

- «Энергетика» саласында маман дайындау бойынша Республикалық байқауда  ІІІ орынды және облыста Бас жүлдені жеңіп алды.

- «Білім ұясы» Республикалық конкурстың «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы 2011» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі  Дипломы. 

- Колледж «Жыл шебер 2012» облыстық арнайы пәндері бойынша оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің байқауында  ІІ орын иеленді.

- 2012 жылы Транспорт және коммуникация Министрлігі, «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі мен  IТ  Халқаралық университетінің орта арнайы білім орындарының студенттері арасында ұйымдастырған Олимпиадасының бас жүлдесі жеңіп алынды.

- «Кәсіпқор холдингі» АҚ-ның ұйымдастыруымен Сингапурде 9 оқытушы өз білімдерін арттырып келді.

- «E-learning» электронды оқыту жүйесі орнатылуда. 16 оқытушы осы салада оқу курсына қатысып, сертификат алды.

- «E-learning» электронды оқыту жүйесі оқу ғимаратын интернетпен толық қамти алмайтын болғандықтан қосымша «WI-FI» сымсыз интернет желісі орнатылды.

- Қашықтан оқыту жүйесі енгізілуде. Барлық пәндер мен оқытушылар туралы мәліметтер жүйеге енгізілді. 656 оқушының мәліметтері енгізілу үстінде.

- «Шаңырақ» Жастар Ғаламтор Орталығы салынып бітті. Онда бос уақыттарында оқушыларға ғылыми және шығармашылық жұмыстармен шұғылдануларына мүмкіндіктер қарастырылған.

- Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі «Қыран аймақтық тұтынушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің тәуелсіз тұтынушылар сараптамасы бойынша «АЛТЫН ҚЫРАН» халықтық сапа белгісі сертификатымен  және «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша «АЛТЫН ҚЫРАН» дипломымен мараптталды. 

 

Сапаға қарай ұмтылыс

Қазақстан Республикасы білім беруді дамыту иконцепциясы және әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжін де 2007-2008 оқу жылында Халқаралық стандарт ИСО 9001-2000 Сапа менеджмент жүйесі енгізілді. (Сертификат №07.70326 27 қараша 2007 жыл «Русский регистр» ЖШС)

Қазіргі кезеңде колледж Республикада техникалық-кәсіби оқу орындары арасында алғақылардың бірі болып, ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартына сәйкес Сапа менеджмент жүйесі енгізілді.(Сертификат № KZ 7500305.07.03.0572 21 маусым 2010 жыл. «QS Azia Sertik» ЖШС).

Колледждің материалдық базасы

Үшқабатты оқу ғимаратында 65-тен астам кабинеттер мен зертханалар, 35 компьютер класстары, 350 орынды акт залы, 80 орынды оқу залы бар кітапхана, әдістемелік кабинет, спорт залы, жабық спорт корты, медпункт, 150 орынды асхана орналасқан. Зертханалық-өндірістік ғимаратта слесар-механикалық, электрмонтаждық және электрөлшеуіш шеберханалары орналасқан. Сондай-ақ, осы ғимаратта компьютер жинайтын мини-цех орналасқан. «Шаңырақ» Жастар Ғаламтор Орталығы салынған. Онда бос уақыттарында оқушыларға ғылыми және шығармашылық жұмыстармен шұғылдануларына мүмкіндіктер қарастырылған.  Коледжде 570 компьютер 360 планшетт компьютер, 8 мультимедиалық-лингофон кабинеттері, 8 смарт-класс 24 интерактивті тақта жұмыс істеп тұр.